Украина майданында 2 сағат жұмыс істеу үшін 10 сағаттық жұмыс күнін енгізу ұсынылады

257

Әскерилер украиналықтар елдің қорғаняс әлеуетін арттыруға қатысу керек деген ойда. 

Украина майданында 2 сағат жұмыс істеу үшін 10 сағаттық жұмыс күнін енгізу ұсынылады Фото: BBC

Украинада украиндар мемлекеттің қорғаныс қабілеті үшін тағы екі сағат жұмыс істеуі керек, сондықтан 10 сағаттық жұмыс күнін енгізу ұсынылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұндай ұсынысты Украина теледидарында УҚК капитаны және энергетикалық мәселелер бойынша сарапшы Андрей Гнатуш айтты. Оның пікірінше, украиндар елдің қорғаныс қабілетін қалыптастыруға толық қатысуға міндетті. 

"Украиндар барынша бірігіп, жұмылуы керек. Соғыс оларға қатысты екенін түсіндіру қажет. Мен мемлекет орнында болсам, 10 сағаттық жұмыс күнін енгізу нұсқасын қарастырар едім. Екі сағат бойы ел экономикасын қалпына келтіру, энергетикалық қуаттар, АПК – жалпы соғысқа байланысты барлық іспен айналысамыз", - дейді сарапшы "Страна" басылымына сұхбат барысында.

Сонымен бірге, еңбек міндетінің бастамашысы украиндар қосымша жұмыс уақыты үшін ақы ала ма, жоқ па, оны айтпады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу