Украина мәселесі Киевте емес, Берлин мен Вашингтонда шешілуде – Путин

727

Ресей басшысы Зеленскиймен кездесуден бас тартпайтынын, бірақ онымен нақты не туралы сөйлесетінін түсіну керектігін мәлім етті.  

Украина мәселесі Киевте емес, Берлин мен Вашингтонда шешілуде – Путин

Ресей президент Владимир Путин 30 маусымда өткен баспасөз мәслихатында украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Путиннің айтуынша, Украина президенті өз елін "толықтай сыртқы күштердің басқаруына" беріп қойған. "Украинаның негізгі мәселелері Киевте емес, Берлин мен Вашингтонда шешілуде", – деді ол.

Ресей басшысы кездесуден бас тартпайтынын, бірақ Зеленскиймен нақты не туралы сөйлесетінін түсіну керектігін мәлім етті.

24 маусымда Владимир Зеленский телеарналардың біріне берген сұхбатында Ресей көшбасшысымен талқыланатын негізгі мәселелерді жариялаған еді. Ол ресейлік әріптесімен ең алдымен қауіпсіздік мәселесі жайында сөйлесетінін айтты. Сондай-ақ ол қазір Ресей мен Украина президенттерінің алдағы уақыттағы кездесуіне қатысты талқылаулар жүріп жатқанын мәлім етті. Оның айтуынша, екі мемлекеттің әкімшілігі қаралатын мәселелер тізімі, саммит мерзімі және кездесудің қай жерде өтетіні туралы ақпарат алмасқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу