Украина мен Молдова президенттері қауіпсіздік мәселелерін талқылады

542

Олар екі ел үшін де энергетика мен қауіпсіздік саласындағы ағымдағы сын қатерлерді талқылады.  

Украина мен Молдова президенттері қауіпсіздік мәселелерін талқылады Фото: simpalsmedia.com

Украина президенті Владимир Зеленский Молдова президенті Майя Сандумен қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Зеленский бұл туралы Twitter әлеуметтік желісінде жазды.

"Молдова президенті Майя Сандумен бірге біздің елдеріміз үшін энергетика мен қауіпсіздік саласындағы ағымдағы сын-қатерлерді талқыладық. Мен жақында Молдоваға әсер еткен ресейлік әуе терроры туралы айттым. Біз Молдова аумағында зымыранның құлауы туралы пікір алмастық", – деді В.Зеленский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу