Украина мен Ресей делегациялары Түркияда қайта бас қосады

376

Украина басшысы кейін толық ақпарат берілетінін жеткізді. 

Украина мен Ресей делегациялары Түркияда қайта бас қосады Фото: zn.ua

Украина мен Ресей делегацияларының келесі кездесуі 23 шілдеде Түркияда өтеді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Зеленский Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеровтың сөзіне сілтеме жасады.

"Бүгін мен Рустем Умеровпен тұтқындар алмасуға дайындық пен Түркияда Ресей тарапымен болатын тағы бір кездесу туралы сөйлестім. Умеров кездесудің сәрсенбі күнге жоспарланғанын айтты. Толық ақпарат ертең белгілі болады", – деді Зеленский кешкі бейнеүндеуінде.

Бұған дейін ол Рустем Умеровтың осы аптада Ыстанбұлда жаңа келіссөз раундын өткізу туралы ұсыныс жасағанын айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Зеленский Ресейден 7 млрд доллар өндіріп алуға ниетті екенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу