Украина мен Ресей қаза тапқан сарбаздарының мәйіттерімен алмасты

469

Украина 94 отан қорғаушысының мәйітін қабылдап алды.

Украина мен Ресей қаза тапқан сарбаздарының мәйіттерімен алмасты Фото: РИА Новости

Украинаның әскери тұтқындарды емдеу жөніндегі үйлестіру штабы тағы 94 қаза тапқан әскери қызметкердің мүрдесін қабылдағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Бүгін біз бақылаудағы аумаққа Украинаның 94 қорғаушысының мәйітін (сүйегін) қайтара алдық", - делінген хабарламада.

Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларына сәйкес, жауынгерлердің денелері қарсы жаққа да берілді, деп хабарлады штаб.

Ресейлік тарап мәйіттермен алмасу жөнінде әлі ешқандай ақпарат бермеді.

Украина мен Ресей қаза тапқан жауынгерлердің мәйіттерін соңғы рет қазан айында алмасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу