Украина мен Ресей келіссөзінің үшінші раунды да "жақсы нәтижесіз" аяқталды

1637

Польша жерінде Украина мен Ресей делегацияларының келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Настоящее время" басылымына сілтеме жасап.  

Украина мен Ресей келіссөзінің үшінші раунды да "жақсы нәтижесіз" аяқталды

Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Твиттерде "гуманитарлық дәліздер логистикасын жақсартуға қатысты аздаған оң өзгерістер бар" деді. Негізгі саяси мәселелер, атысты тоқтату және қауіпсіздік кепілдіктері бойынша консультациялар жалғасады. "Бүгінгі таңда жағдайды айтарлықтай жақсартатын нәтижелер жоқ", – деп қосты ол.

Ал Ресей өкілі Владимир Мединский Ресей делегациясы келіссөздерге "жазбаша құжаттар жиынтығын" әкелгенін, бірақ оларға қол қойылмағанын айтты. Украина жағы құжаттарды зерделеуге алған. Оның айтуынша, саяси және әскери аспектілер бойынша пікірталас болды. "Шынымды айтсам, келіссөздерден күткен үмітіміз ақталмады, бірақ келесі жолы маңызды қадам жасай аламыз деп үміттенеміз", – деді ол.

Талқылау жабық өтті, үш сағаттан астам уақытқа созылды, деп жазады "Интерфакс". Кездесу барысында тараптар бір үзіліс жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу