Украина мен Ресей өкілдері ертең кездесетін болды

152

Украина мен Ресей келіссөздері жоспарланғандай 2 маусымда Ыстамбұлдағы Чыраған сарайында, түскі сағат 13:00-де өтпек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Украина мен Ресей өкілдері ертең кездесетін болды Фото: Depositphotos

Бұл ақпаратты ресейлік ТАСС агенттігіне Түркияның сыртқы істер министрлігіндегі сенімді дереккөздер жеткізгенге ұқсайды.

"Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздер ертең сағат 13:00-де Чыраган сарайында жоспарланған", - деп хабарлады басылым.

Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский әлеуметтік желі арқылы көпшілікке екі елдің келіссөздері сәтсіз аяқталуы мүмкін екенін жеткізген еді. Оның айтуынша, Ресей тарапы Киевке ешқандай "меморандум" жолдамай, көп дүниені белгісіз күйде қалдырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу