Украина мен Ресей президенттері қашан кездесуі мүмкін?

1332

"Қос елдің президенттері қатысқан кездесуде ғана түбегейлі шешімдер қабылдануы мүмкін".

Украина мен Ресей президенттері қашан кездесуі мүмкін?

Украина мен Ресей президенттері тек "жол картасы" жобасы дайын болғанда кездесуі мүмкін. Бұл туралы Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Келіссөздер процесі шеңберінде жұмыс тобы қандай да бір алдын ала құжаттарды әзірлеп, оны президенттерге береді. Олар "жол картасына" баға береді, оны бет-бетпе кездесіп, талқылауға болады. Мұндай жағдайда кездесу болуы мүмкін", – деп жазды Михаил Подоляк.

Оның пікірінше, "қос елдің президенттері қатысқан кездесуде ғана түбегейлі шешімдер қабылдануы мүмкін".

Сондай-ақ Михаил Подоляк Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үнемі онлайн форматта өтіп жатқанын, бұл процеске қатысатын көптеген консультативті топ барын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу