Украина мен Ресей тағы тұтқындармен алмасты

477

Екі жақтан 50 тұтқыннан босатылды.  

Украина мен Ресей тағы тұтқындармен алмасты Фото: Америка дауысы

Жексенбіде Украинаның шығысындағы жалғасып жатқан шайқастарға қарамастан, Украина мен Ресей тұтқындармен алмасу туралы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Украина Ресей келісім аясында 50 украин әскери қызметкерін босатқанын мәлімдеді.

"Әскери тұтқындардың тағы бір сәтті алмасуы өтті. Біз 50 жауынгерімізді үйге қайтардық. Жалғасы бар. Біз барлық адамдарымызды үйге қайтаруымыз керек, сондықтан біз ары қарай бұл бағытта жұмысымызды жалғастырамыз", – деп жазды Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Твиттерде.

Ермак босатылған украин әскерінің суреттерін, сондай-ақ автобуста отырып Украинаның әнұранын шырқалған бейнежазбаны салды.

Ресей Қорғаныс министрлігі қайтарылған 50 ресейлік әскер Медициналық және психологиялық оңалту үшін Мәскеуге жеткізілетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу