Украина мен Ресей тағы тұтқындармен алмасты

619

Киев елге 4 әскери мен 2 азаматтық тұлғаның оралуы туралы хабарлады. 

Украина мен Ресей тағы тұтқындармен алмасты

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак интернетте Киев пен Мәскеу екінші рет тұтқындармен алмасқанын жазды.

"Кезекті рет тұтқындармен алмасу өтті. Алты азаматымызды қайтардық, төртеуі теңіз жаяу әскері, екеуі азаматтық тұлға", – делінген хабарламада.

Андрей Ермак 4 әскеридің Мариуполь үшін шайқастарға қатысқанын мәлімдеді. Ал екі азамат ұялы телефондарында ресейлік әскери техниканың деректері мен фотосуреттері табылғаннан кейін қамауға алынған болатын. Ресейлік тарапы алмасу жайында әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу