Украина миллиондай адамды әскери қызметке жұмылдырмақ

592

Қорғаныс министрі Алексей Резников НАТО елдерін қару-жарақ жеткізілімдерін арттыруға шақырды.

Украина миллиондай адамды әскери қызметке жұмылдырмақ

Украина билігі елдің оңтүстік аумақтарын қайтарып алу үшін миллиондай адамды әскери қызметке жұмылдыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз саяси тұрғыдан бұл қадамның еліміз үшін өте қажет екенін түсінеміз. Президент Қарулы Күштердің Бас қолбасшысына жоспар әзірлеуді тапсырды. Осыдан кейін Бас штаб тиісті жұмысты орындап, осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін хабарлайды", – деді ведомство басшысы.

Министр аталған аумақтар ел экономикасы үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол Украинаның Қарулы Күштерінің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін Батыстан әкелінетін қару-жарақтар көмектеседі деген пікірде. Осы орайда Резников НАТО елдерін қару-жарақ жеткізілімдерін арттыруға шақырды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу