Украина президенті Владимир Зеленский 30 қыркүйекте НАТО-ға тез арада қосылуға өтініш берді, деп жазады inbusiness.kz Риа новости-ға сілтеме жасап.
Зеленскийдің айтуынша, Украина мен НАТО қазірдің өзінде "іс жүзінде одақтас".
"Де-факто Украина НАТО-ға жедел түрде қосылуға өтінім берді, сондай-ақ қазірдің өзінде біз НАТО-ның бір бөлігіміз. Қазір Киев жедел түрде де-юре жасауға өтініш беріп жатыр. Бұл халықтың қауіпсіздігін айқындайтын қадам", – деді Украина президенті.
Айта кетсек, Украина НАТО-ның кеңейтілген мүмкіндіктері бойынша серіктес мәртебесін алған алтыншы мемлекет болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу