Украина соғыс аяқталғаннан кейін НАТО-ға мүше болады, деді ел президенті Владимир Зеленский Альянс саммитіне арналған кешкі бейне хабарламада.
"Барлығы бәрін біліп түсініп отыр. Көшбасшылар да, олар басқарып отырған мемлекеттер де. Әр түрлі позициялар айтылса да, Украина одақта болуға лайық екені анық, бірақ қазіргі соғыс уақытында емес, дегенмен біз нақты кепіл күтеміз", - деді Зеленский.
"Қазір вордингте жұмыс жүріп жатыр, яғни яғни мүшелікке қатысты процесс, қазірдің өзінде бізге түсініктісі - Украина альянста болады, біз мүшелік алгоритмі айқын әрі жылдам болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деп атап өтті.