Украина оппозициясы Зеленскийге импичмент жарияламақ

867

Бір күн бұрын Зеленский "112.Украина", NewsOne және ZIK телеарналарына және ОПЗЖ фракциясының депутаты Тарас Козакқа қарсы санкция салған еді.

Украина оппозициясы Зеленскийге импичмент жарияламақ

Украинаның "Опозиційна платформа – За життя" партиясы президент Владимир Зеленскийге импичмент жариялау рәсімін бастайды. Фракция төрағаларының бірі Вадим Рабинович осылай деді. Ол оппозициялық телеарналарға салынған санкциялар осындай қадамға итермелеп отырғанын мәлім етті.

"Бүгін сіз демократияның жүрегіне, сөз бостандығына, демократиялық әрі тәуелсіз Украинаның өміріне қауіп төндірдіңіз. Жақын арада біз партияның төтенше съезін өткіземіз, кездесуде алдағы уақытта қандай шара қабылдайтынымызды талқылаймыз. Есіңізде болсын, сіз біздің партиямыздың да, миллиондаған сайлауышының да үнін өшіре алмайсыз", – деді Рабинович. 

Бір күн бұрын Зеленский "112.Украина", NewsOne және ZIK телеарналарына және ОПЗЖ фракциясының депутаты Тарас Козакқа қарсы санкция салған еді. Шектеу енгізілген бойда үш телеарна хабар таратуын тоқтатты. Олар Зеленскийдің шешіміне "өзіне ұнамаған БАҚ-ты саяси қудалау" деген баға берді. Ал фракция төрағаларының бірі Юрий Бойко биліктің бұл әрекеті Конституцияға қайшы келеді және Украинада диктатура құруға бағытталып отыр деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу