Украина орталық банкі соғыстың бір жылдығына орай банкнота шығарды

512

20 гривендік ақшада, көк-сары түсті ұлттық байрағын көтеріп тұрған 3 солдат бейнеленген. 

Украина орталық банкі соғыстың бір жылдығына орай банкнота шығарды Фото: dp.informator.ua

Украинаның орталық банкі, Ресей басқыншылығының 1 жылдығына орай, жаңа банкнота шығарды. Ал екінші бетінде лентамен байланған қос қолдың суреті бар. Украина Орталық банкінің басшысы Андрей Пышныйдың айтуынша, қаржы реттеушісі осы 1 жылдың ішінде  соғыстан есеңгіреген экономиканы ұстап тұру үшін, қарқынды жұмыс істеді.

Былтырғы жылдың жазында, гривнаның курсын 36,57 долларға теңестіріп, оны сақтап қалу үшін, валюталық интервенциялар өткізген. Бұл ретте банк төрағасы шетелдік әріптестерінен түскен 30 млрд доллардан аса қаражаттың зор көмегі тигенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу