Украина порттарынан астық тиелген екі кеме жолға шықты

495

7 тамызда Украина порттарынан шыққан тағы төрт кеме Ыстанбұлға бет алды.

Украина порттарынан астық тиелген екі кеме жолға шықты

Украинаның порттарынан астық тиелген екі кеме жолға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Бірлескен үйлестіру орталығының жұмысы аясында украиналық порттардан астықты тасымалдау жұмыстары жалғасуда.

8 тамызда Южный портынан Италияға бортында 11 мың тонна соясы бар Sakura кемесі, ал Черноморск портынан Искендерунға 48 мың 458 тонна жүгері тиелген Arizona кемесі аттанды.

Сонымен қатар бір күн бұрын Украина порттарынан шыққан тағы төрт кеме Ыстанбұлға бет алды. Кемелер 8 тамыз күні кешке түрік мегаполисінің жағалауына жетуі тиіс. Кемелердегі тексеру 9 тамызда өтеді.

22 шілдеде Ыстанбұлда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдау туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу