27 тамызда Украина порттарынан ауылшаруашылық өнімдері тиелген тағы үш кеме жолға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, астық және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау процесі жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Халықаралық келісімдерге сәйкес, тамыз айының басынан бері 35-тен астам кеме 745 мың тоннадай ауылшаруашылық өнімдерін Украина порттарынан басқа елдерге жеткізді.
22 шілдеде Ыстанбұлда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдау туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойды.
Табиғат Нұрболат