Украинаның порттарынан тағы 5 кеме жолға шықты, деп хабарлады inbusiness.kz Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Астық жеткізу келісімі аясында Южныйдан екі, Черноморсктан үш кеме жөнелтілді.
Сонымен қатар 16 тамызда бірлескен Үйлестіру орталығы Украинаға баратын төрт кемені тексереді.
22 шілдеде Ыстанбұлда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдау туралы келісім жасаллды. Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу