17 қаңтарда Украина премьер-министрі Алексей Гончарук жұмыстан кету туралы өтінішін тапсырған. Ол президентке деген құрмет пен сенімге күмәндануға жол бермес үшін осындай қадамға барған. Бұл туралы үкімет басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Оның сөзінше, соңғы кездері үкімет жиыны жазбаларының қиындыларынан жасалған файлдар тарап, халық арасында қызу талқылаулар жүріп жатқан көрінеді.
"Бұл файлдар премьер мен үкімет мүшелерінің президентті сыйламайтындай әсер қалдырады. Бірақ оның бәрі өтірік. Бұл жағдай кей ықпалды топтарға ыңғайлы, өйткені олардың көздегені – қаржы ағынына қол жеткізу",- деп ағынан жарылды Гончарчук.
Премьер-министрі Зеленскийге "ашықтық пен адалдықтың үлгісі" деген баға берді.
Табиғат Нұрболат