Украина президенті Батыс елдерінен көмек сұрады

2772

Бүгінде Ресей әскері ел астанасын бомбалап жатыр.

Украина президенті Батыс елдерінен көмек сұрады

Украина Президенті Владимир Зеленский Бухарест тоғыздығынан (Болгария, Венгрия, Эстония, Литва, Латвия, Польша, Румыния, Словакия, Чехия) Киевтің қорғанысына көмек көрсетуді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Бұл мәселені Польша президенті Анджей Дудамен талқыладым. Бухарест тоғыздығынан қорғанысқа көмек көрсетуді, аргессорға санкция салуды, қысым жасауды сұрадым. Бірлесіп Ресейді келіссөз үстеліне отырғызуымыз керек", – деп жазды Владимир Зеленский Twitter-де. 

Ол Украинаға соғысқа қарсы коалиция керек екенін атап өтті. 

БАҚ мәліметінше, Ресей әскері Украина астанасы Киевті бомболап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу