Украина президенті G7 елдерін Ресеймен сауда жасауға толық эмбарго енгізуге шақырды

1341

Ол Ресей Федерациясын GPS-ті пайдалану мүмкіндігінен айыру маңызды екенін атап өтті.

Украина президенті G7 елдерін Ресеймен сауда жасауға толық эмбарго енгізуге шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский G7 елдерін Ресеймен сауда жасауға толық эмбарго енгізуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ru.slovoidilo.ua сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол "Үлкен жетілік" саммитінде айтты. 

"Кейін азық-түлік-саяси жаһандық қауіпсіздік дағдарысының салдарымен күрескеннен гөрі қазір Ресейге қарсы санкцияларды мүмкіндігінше күшейтіп, оның әскери машинасын тоқтату маңызды. Олай болса, Ресеймен сауда жасауға толық эмбарго енгізу қажет. Ресейге GPS-ті соғыста пайдалану мүмкіндігінен айыру керек. Бұл өте маңызды болып саналады. Мұны ресейлік зымырандар мен бомбалар бейбіт қалаларды жоймауы үшін істеуіміз қажет", - деді Владимир Зеленский. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу