Украина президенті Grammy сыйлығын тапсыру салтанатында сөз сөйледі

983

Дүйсенбіге қараған түні Украина Президенті Владимир Зеленский Grammy байқауының қатысушыларына бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Украина президенті Grammy сыйлығын тапсыру салтанатында сөз сөйледі

Ол қатысушылар мен көрермендерді "кез келген әдіспен" Украинаны қолдауға шақырды.

"Музыкада ең күшті контраст деген не? Қираған қалалар мен өлтірілген адамдардың үнсіздігі. Бұл үнсіздікті музыкамен толтырыңыз. Біздің тарихымызды бүгін айтыңыз. Бізді кез келген әдіспен қолдаңыз, тек үнсіздікпен емес", – деді Владимир Зеленский. 

Оның үндеуінен кейін Джон Ледженд деген атпен танымал америкалық әнші Джон Роджер Стивенс және украиналық ақын Любовь Якимчук Украинаға арнап, ән орындады.

Grammy марапаты осымен 64-рет берілді. Рәсімді 31 қаңтарда өткізу жоспарланған еді, бірақ омикронның тарауына байланысты ол кейінге қалдырылған болатын.

"Үздік рэп әні" номинациясында Канье Уэст жеңіске жетті.

Америкалық актриса, әнші Оливия Родриго "Үздік жаңа орындаушы" марапатына ие болды. 

Silk Sonic дуэті "Жыл әні" және "Жыл жазбасы" номинациясында жеңімпаз атанды.

"Үздік альбом" және "Үздік музыкалық видео" номинациясында джаз музыканты Джон Батис жеңімпаз атанды.

Крис Стаплтон кантри стиліндегі "Ең үздік ән", ал әнші Анжелик Киджо "Әлемдегі ең үздік заманауи альбом" номинациясында Grammy сыйлығын иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу