Херсон - наурыздан қарашаға дейін Ресей армиясының бақылауында болған Украинаның аймақтық орталығы.
Украинадағы Ресей әскерлерінің қолбасшысы Сергей Суровикин 9 қарашада Ресей армиясы Херсоннан шығатынын мәлімдеген.
11 қарашада Украина қарулы күштерінің бөлімшелері қалаға кірді. Ал 12 қарашада Украина президентінің кеңсесі Херсон мен облыста аймақтық әскери басқару, полиция және қауіпсіздік қызметі жұмыс істей бастағанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу