Украина президенті соғысты аяқтаудың жаңа жоспарын ұсынды

259

Владимир Зеленский Ресеймен соғысты тоқтатуға арналған 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды жариялады.  

Украина президенті соғысты аяқтаудың жаңа жоспарын ұсынды Фото: "Анадолы" агенттігі

Ресейдің ұстанымы АҚШ өкілдерімен өтетін кездесуде белгілі болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зеленскийдің пікірінше, бұл құжат соғысты аяқтаудың негізі ретінде ұсынылады.

Жоспар бойынша:

  • Украина егемендігін мойындау;
  • Өзара шабуыл жасамау туралы келісім;
  • Қауіпсіздік кепілдіктері;
  • Соғыс қайта басталса, санкциялар мен әскери жауап шараларын іске қосу тетігі бар.
  • Украина бейбіт кезеңде армия санын 800 мың деңгейінде сақтауды ұсынады. Қауіпсіздік кепілдігін АҚШ, НАТО және Еуропа елдері беруі тиіс;
  • Экономикалық бөлім: Украинаға Еуроодаққа нақты мерзімде мүше болу, ЕО нарығына жеңілдетілген қолжетімділік және 800 млрд доллар көлемінде қалпына келтіру қорын құру қарастырылған;
  • Ядролық қауіпсіздікке қатысты: Украина ядролық қарусыз мәртебесін сақтайды, ал Запорожье атом электр станциясын бірлесіп басқару нұсқалары ұсынылған;
  • Ең күрделі мәселе – территория: Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарындағы қазіргі әскер тұрған шеп де-факто байланыс желісі ретінде қаралады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді мемлекет басшылары деңгейінде қабылдау ұсынылады.

Сонымен қатар құжаттағы жоспарда теңіздегі еркін қатынас, барлық тұтқындарды тең негізде қайтару, келісімнен кейін Украинада сайлау өткізу және халықаралық бақылау тетігі де бар.

Кремль бұл ұсыныстарды зерделейтінін, бірақ көп бөлігі Ресейге сай келмейтінін алдын ала мәлімдеді.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу бұл құжатты алдағы келіссөздер үшін "бастапқы нүкте" ретінде қарастырады. Алайда жоба Ресей үшін маңызды саналатын бірқатар ережелерді қамтымайды әрі көптеген түйткілді сұрақтарға жауап бермейді.

Атап айтқанда, Кремль Украина қарулы күштеріне қойылатын шектеулерді күшейтуді талап етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу