Украина президентінің табысы күрт төмендеді

681

Бұған себеп соғыстың басталуы нәтижесінде жалдау шарттарының уақытша тоқтатылуы болып отыр.

Украина президентінің табысы күрт төмендеді Фото: газета.ру

Украина президенті Владимир Зеленскийдің табысы күрт төмендеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Украина президенті мен оның отбасының табысы 2021 жылғы 10,8 миллион гривнадан 2022 жылы 3,7 миллион гривнаға дейін төмендеді.

Егер 2021 жылы кірістер негізінен жалақыдан, банк пайызынан және жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістен тұрса, 2022 жылы олар Украина аумағында толық ауқымды соғыстың басталуы нәтижесінде жалдау шарттарының уақытша тоқтатылуына байланысты азайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу