Украина Ресейдің еншілес банктеріне салынған санкция мерзімін ұзартпақ

948

Украина Ресейдің еншілес банктеріне салынған санкция мерзімін ұзартпақ

Украина Ұлттық банкінің Ресейдің еншілес мемлекеттік банктеріне салған санкциясының мерзімі 16 наурызда аяқталады. Бірақ, қаржылық тұрақтылық департаментінің директоры Виталий Ваврищуктің айтуынша, Ұлттық банк санкция мерзімін қайта ұзартуды дұрыс деп тапқан, деп хабарлайды Интерфакс.

Еске салсақ, 2017 жылдың 16 наурызында Украина президенті Петр Порошенко Ұлттық банктің ұсынысымен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің Ресей капиталы бар 5 банкке санкция салу туралы шешімін қабылдаған болатын. Ресейдің "Сбербанк" КАҚ, "ВиЭс банк" КАҚ, "Проминвестбанк" пен "ВТБ банк", "БМ банк" еншілес банктеріне капиталды Украинадан тыс аумаққа шығаруға тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу