Украина Ресейдің газын өз территориясы арқылы Еуропаға тасымалдауды тоқтатты, деп хабарлайды Atameken Business.
Тараптар арасында жасалған келісімге сәйкес, транзитпен айналысатын ел, егер шикізат сапасы нашар болса, осындай шешім қабылдауға құқылы. Материалдық шығынды өнімді жіберіп отырған ел өтеуі керек. Себебі ол құжатта көрсетілген міндетін дұрыс атқарып отырған жоқ.
"Укртранснафта" компаниясына Словакия, Венгриядан ресейлік шикізаттың сапасы нашарлап кетті деген шағым түскен.
Естеріңізге сала кетейін, жақында Белорусь та Ресей өнімінің сапасы нашарлап кеткендіктен, осы елден мұнай өнімдерін сатып алуды уақытша тоқтатқан.