Зеленский Украина Қарулы күштері құрамында "Ресейге алыс қашықтықтан ықпал ету жөніндегі арнайы қолбасшылық" құрылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, елдің Қарулы күштері құрамында Ресей аумағындағы стратегиялық нысандарға алыс қашықтықтан соққы беруге маманданған жаңа арнайы қолбасшылық құрылған. Құрылым Ресейдің әскери әлеуетін әлсіретуге бағытталған операцияларды үйлестіреді.
"Әскерилеріміз Украинаға қарсы соғыс жүргізіліп жатқан жерлерде – Ресей аумағында басқыншыларды жою үшін бұрынғыдан да көп мүмкіндікке ие болуы керек", – деді В.Зеленский.
Сонымен қатар Зеленский жаңа қолбасшылықтың құрылымы, өкілеттігі, техникалық мүмкіндіктері немесе оған кім басшылық ететіні туралы нақты мәлімет берген жоқ. Тек бұл бағытқа тәжірибелі қолбасшы тағайындалатынын атап өтті.