1 маусым күні Украина Ресейдің әскери аэродромдарына дрондармен жаппай шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Бұл Ресейдің Мурманск облысындағы Оленья және Иркутск облысындағы Белая әскери аэродромдары.
DW хабарлауынша, Украинаның арнайы қызметі жүргізген "Паутина" операциясы барысында 40-тан астам ұшақ жойылды. Олардың қатарында Ту-95, Ту-22 және А-50 бар. Шығын сомасы 2 миллиард доллардан асуы мүмкін.
"Бұл – Ресейдің стратегиялық Қарулы күштеріне қарсы бағытталған ең ірі шабуыл. Алдын ала мәліметке сәйкес, 10-ға дейін ұшақ жойылған. Суреттерден көптеген стратегиялық Ту-95 ұшақтары жанып жатқанын көруге болады. Ресейден қарымта жауап болуы мүмкін", - деп жазды әскери сарапшы Юлиан Рёпке.
Шабуыл Ресей мен Украина арасындағы Ыстанбұлда өтетін бейбіт келіссөздер қарсаңында жасалды.