Украина Ұлыбританиядағы Ресейдің бұғатталған қаржысын жаратуға көшті

1203

Мұндай ақпаратты Украина Премьер-министрі Денис Шмыгаль Telegram арнасында жазды.

Украина Ұлыбританиядағы Ресейдің бұғатталған қаржысын жаратуға көшті Фото: news.sky.com

Оның сөзінше, Украина G7 бастамасы аясында Ресейдің бұғатталған активтерінің кірісімен қамтамасыз етілген Ұлыбританиядан алғашқы траншты алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жаңалықты Deutsche Welle басылымы да таратып отыр. Денис Шмыгаль ол қаржы қорғанысты күшейтуге бағытталатынын жеткізді.

– Бүгін біз G7 ERA бастамасы аясында 752 миллион фунт алдық. Бұл қаражатты Украинаның қорғаныс қабілетін нығайтуға бағыттаймыз, – деді ол.

Deutsche Welle мәліметінше, бұл шешімге жауап ретінде Ресей билігі Ұлыбританияға тиесілі мүлікті тәркілеу туралы ескерту жасаған.

Лондон бөлген қаражат Extraordinary Revenue Acceleration for Ukraine (ERA) бағдарламасының бір бөлігі саналады.

Оның аясында G7 елдері Украинаға жалпы сомасы 50 миллиард доллар көлемінде несие береді, бұл несие Батыста бұғатталған Ресей Орталық банкінің активтерінен түскен табыспен өтеледі.

1 наурызда Ұлыбритания мен Украина 2,26 миллиард фунт стерлинг (шамамен 2,74 миллиард еуро) көлемінде несие беру туралы келісімге қол қойған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу