Украина Ресейдің Курск облысына шабуылдайтынын бізге ескертпеді – Германия канцлері

189

Олаф Шольц Молдованы Еуропалық Одаққа мүше болу жолында қолдайтынын мәлімдеді. 

Украина Ресейдің Курск облысына шабуылдайтынын бізге ескертпеді – Германия канцлері Фото: РБК

Германия канцлері Олаф Шольц Украина серіктестерін хабардар етпей, Курск облысында операцияны жасырын дайындағанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Молдоваға барған Шольц ел астанасы Кишиневте Президент Майя Сандумен кездесті.

Кездесуден кейін Санду мен Шольц баспасөз мәслихатын өткізді.

Канцлер өз сөзінде Молдованы Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше болу жолында қолдайтынын айтты: "Біз ЕО-ның кеңеюіне оң көзқараспен қараймыз. Менің ойымша, кейбір елдердің ЕО-ға кіру процесі аяқталуы керек".

Канцлер одақтастар Украина армиясының Ресейдің Курск облысына шабуылынан кейінгі жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтты.

"Украина Курск облысына қарсы әскери операцияны жасырын түрде дайындады", - деді ол.

Шольц Германияның 2025 жылға арналған федералды бюджеті жобасында Украинаны әскери қолдауға 4 миллиард еуро бөлінгенін және Германия Украинаны қолдауды жалғастыратынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу