Украина Ресейдің төрт аймағына дрондармен шабуыл жасады

218

Украина Ресей аумағына тағы да дрондармен шабуыл жасады. 

Украина Ресейдің төрт аймағына дрондармен шабуыл жасады Фото: Avalon/Photoshot/picture alliance / Dmytro Smolienko

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі түнде Әуе қорғанысы құралдары бес украиналық ұшқышсыз ұшақтарды - Брянск облысында екі, Воронеж облысында екі және Белгородта тағы бір дронды атып түсіргендерін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз Облыстың Сураж ауданында екі дрон жойылды, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, ұшқышсыз ұшақ аппараты шабуылы туралы Курск облысы басшысының міндетін атқарушы Алексей Смирнов хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, украиналық дрон жарылғыш құрылғыны Глушков ауданы Теткино ауылындағы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына тастаған. Нәтижесінде бөлім аумағында жүк және жеңіл автомобиль зақымдалды, кезекші құтқарушы жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу