Украина Ресейге басып кірді: ҰҚШҰ көмектесе ме?

1643

Мәскеу Украина қарулы күштерінің Курск облысына басып кіруіне қатысты ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) көмек сұраған жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Украина Ресейге басып кірді: ҰҚШҰ көмектесе ме? Фото: dw.com

Бұл туралы ҰҚШҰ хатшылығы мәлімдеді.

"ҰҚШҰ қабылдаған тәртіпке сәйкес, әскери көмекке мұқтаж бірлестікке мүше мемлекет ұйымға ресми түрде хабарласуы керек. Бүгінге дейін Ресей Федерациясынан Курск облысындағы жағдайға байланысты мұндай сұрау түскен жоқ", – делінген ұйым хабарламасында.

Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысына шабуылы басталғаннан кейін 7 тамызда Курск облысында аймақтық төтенше режим енгізілді.

Ұйымның мәлімдемесінде Украина әскерінің Курск облысына басып кіруі "ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы әскери қақтығыстың өршуінің жаңа кезеңі" деп аталды.

"Біздің аналитикалық қызметіміз тәулік бойы жұмыс істейді. Біз жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырмыз және Ұйым жарғысына сәйкес әрекет ететін боламыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу