Украина Ресеймен арада визалық режим енгізді

551

Ресей Федерациясының азаматына виза берілсе де, оны Украина шекарасынан өткізуге қатысты шешімді Мемлекеттік шекара қызметінің лауазымды тұлғалары қабылдайды

Украина Ресеймен арада визалық режим енгізді

1997 жылғы 16 қаңтарда Мәскеу қаласында Украина үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі қол қойған визасыз режим туралы келісім 1 шілдеде күшін жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Енді Ресей азаматтары Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Калининград, Қазан, Новосибирск, Ростов-на-Дону және Самара қалаларында орналасқан VFS Global визалық орталықтарында ғана украин визасын ала алады.

Виза алу туралы өтініштерді басқа елдерде орналасқан украиналық дипломатиялық мекемелер құзыретті органдармен бірлесе қарастыратын болады.

Шетелде тұратын ресейліктер Украинаның дипломатиялық өкілдіктері арқылы виза ала алады.

Ресей Федерациясының азаматына виза берілсе де, оны Украина шекарасынан өткізуге қатысты шешімді Мемлекеттік шекара қызметінің лауазымды тұлғалары қабылдайды

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу