Украина Ресеймен арадағы шекараны жайластыруға 86 млн доллар жұмсады

764

Ұзындығы 403 шақырым болатын ор қазылды.

Украина Ресеймен арадағы шекараны жайластыруға 86 млн доллар жұмсады

Украинаның "Стена" жобасы аясында Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараны жайластыруға бөлінген қаражат көлемі 86 миллион доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz Украинаның "Фокус" басылымына сілтеме жасап.

Оның дерегі бойынша, 2015 және 2021 жылдары аралығында Украинаның мемлекеттік бюджетінен "Стена" құрылысына 2,437 млрд гривен (86 миллион доллар) жұмсалған. Жобаны жүзеге асыру барысында ұзындығы 403 шақырым болатын ор қазылды, 332 шақырымға созылған рокадалық жолдар, жыралар арқылы өтуге мүмкіндік беретін 149 көпір, 99 шақырым металл дуалдар салынды.

2021 жылдың желтоқсан айының соңында Украинаның министрлер кабинеті Ресей мен Беларусь елдерімен арадағы шекараны қорғауды күшейтуге бағытталған жаңа бағдарламаны бекітті. Ол үшін 36,3 миллиард гривен (1,33 миллиард доллар) шығындалмақ. Украина билігінің жоспарына сәйкес, 2022 жылы Ресей Федерациясымен арадағы шекараның 1 676 шақырымы және Беларусиямен арадағы шекараның 1 084 шақырымы жайластырылуға тиіс. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу