Шырт ұйқыдағы Украин халқының шырқын бұзған Ресей таңмен таласа көрші ел шекарасына баса көктеп кірді. Киевте қосылған азаматтық қорғаныс дабылы да жұрттың үрейін ұшырды.
Тұрғындар жапа-тармағай жан-жаққа қашып жатыр. Зеленский "Ресейдің шабуылын екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистік Германияның әрекетіне пара-пар" деп бағалады.
Мұндайды күтпеген Ресми Киев Кремльмен дипломатиялық қатынасты біржолата үзіп тастады. Ал Путин екеуара қақтығысқа араласатындарға ескерту жасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу