Украина сарбаздары Харьковтағы Ресей әскерін шекараға дейін шегіндірді

556

Сонымен қатар олар Ресей шекарасына жақындады.

Украина сарбаздары Харьковтағы Ресей әскерін шекараға дейін шегіндірді

Украина Қарулы Күштерінің аумақтық қорғаныс күштерінің Харьков қаласындағы 127-ші бригадасының 227-шы батальоны Ресей әскерін шегіндіріп, екі ел арасындағы мемлекеттік шекараға жақындады. Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрлігі Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz украиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Жеңіске бірге жетейік!", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Украина әскерилерінің ел Президенті Владимир Зеленскийге бұл туралы есеп бергені түсірілген видеосы әлеуметтік желіге жүктелді.

"Біз жеттік, президент мырза, біз осындамыз! Міне, бізбен бірге шекарашы тұр. Президент мырза, біз жеттік!", – дейді әскерилер.

Бұған дейін ІІМ басшысының кеңесшісі Вадим Денисенко Харьков облысындағы украин әскерлері мемлекеттік шекарадан алыс емес екенін айтқан болатын.

"Харьков облысының солтүстік-шығысы бойынша украин әскері шабуылға кірісті. Біз қазірдің өзінде шекараға жақынбыз. Алдағы күндері Украина шекарасына шығуға тырысамыз", – деген еді ол.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу