Украина Северодонецктен әскерін шығарды

652

Лисичанск қазір Киевтің бақылауында, дегенмен елді мекенді Ресей әскері тоқтаусыз атқылауда, деп хабарлайды inbusiness.kz euronews сайтына сілтеме жасап.  

Украина Северодонецктен әскерін шығарды

Ресей Қорғаныс министрлігі қаланың оңтүстіктен қоршауға алынғаны туралы хабарлады.

ЛХР өкілдері қаланы алу үшін бір жарым апта қажет болуы мүмкін екенін айтады. Ондай жағдайда 4 500 украин әскері қоршауда қалмақ. 

Луганск облысының басшысы Сергей Гайдай ресейліктер Лисичанскіге апаратын жолдар мен көпірлерді тікұшақтармен қиратып жатқанын айтты. 

Ал Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Ресей әскерінің стратегиялық қаланың оңтүстік шетіндегі шабуылына тойтарыс бердік деп мәлімдейді. 

Америкалық соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшылары Украинаның Северодонецктегі сәтсіздігі "Ресейге шешуші жеңіс әкелмеді" деп тұжырымдап отыр, мұны бұрын Мариупольді басып алғандағыдай оңай болмасы және одан әрі шабуыл жасау мүмкіндігі ресейліктерге қиынға соғады деп санайды. 

Херсонның ресейшіл билігі оккупацияланған облыс әкімшілігі шенеуніктерінің бірі Дмитрий Савлученконың өлтірілгені туралы хабарлады. Оның көлігі белгісіз құрылғымен жарылған. Дмитрий Песков оқиғаны теракт деп бағалады. 

Харьковте зымырандық шабуылдың салдарынан "Политехник" спорт кешені қирады. Облыс билігінің мәліметінше, спорт алаңы "Искандер" зымыран кешенінен атылған.

Жұма күні кешке Украинаның барлық облыстарында әуе шабуылы туралы ескерту жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу