Украина шекарасында тұрған қазақстандықтардың жартысы Польшаға жетті – Айбек Смадияров

1129

Украина кептелісте тұрған қазақстандықтардың жартысы шекарадан өтіп, Польшаға жетті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

Украина шекарасында тұрған қазақстандықтардың жартысы Польшаға жетті – Айбек Смадияров

"Соңғы бірнеше күн бойы әлемнің назары Украинада. Біздің Киевтегі елшіліктің қызметкерлері күні-түні жұмыс істеуде. Қазақстанның азаматтарына көмек көрсетіп қана қоймай, орналасқан елдеріндегі жағдай жөнінде өзекті ақпаратты да жіберіп тұрады. Шұғыл ақпарат алмасу, туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында әрине белгілі бір мессенджерде жұмыс чатын аштық. Сол чатта бірге қуанып, бірге күрсініп жатамыз. Украинадағы әріптестерімізге сұрақтарды жаудырып, сол тұрған жерінде жауап бер деп жазатынымыз да бар", – деп жазды Айбек Смадияров Facebook парақшасында.

Сондай-ақ министрлік өкілі шекарада тұрған отандастарымыздың жартысы Польшаға жеткенін хабарлады.

"Кеше ғана БАҚ-қа арналған брифингте айтып өткенімдей, ҚР азаматтары бар бірнеше автобус шекараға қарай жолда көлік кептелісінде тұрды. Олардың жартысы шекарадан өтіп, аман-есен Польшаның аумағында азаматтарымыздың екінші тобы келгенше қонақ үйге орналастырды", – дейді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу