Аядай жердің арқасында Херсонға болсын, Николаевқа болсын қол жеткізуге болады, сондықтан екі жақтың армиясы үшін оның маңыздылығы орасан зор, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Бірақ Кинбурн жер астында жасырылған миналар үлкен қауіп төндіреді. Украиналық саперлер оларды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.
Шығыс бағытта, Донецк облысында украин әскерилері ресейлік армияға қарсы жаңа реактивті жүйе "Буревойды" қолдануда. 2021 жылы құрастырылып болған жүйе ескірген "Ураган" орнын басты.
Ал Ресей Қорғаныс министрлігі айтуынша, ресей армиясы УҚК-ның Купян мен Красно-Лиман бағытындағы шабуылдарына тойтарыс берген: Запорожьедегі қару қоймасын шабуылдап, тоғыз дрон қағылды және оншақты украиналық сарбаз мерт болды.