Украина ҰҚҚК төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады

1350

Қажет болған жағдайда 60 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.  

Украина ҰҚҚК төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі ел аумағында отыз күндік төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Украинская правда" сайтына сілтеме жасап.

23 ақпанда өткен брифингте ҰҚҚК хатшысы Алексей Данилов шектеулер аймаққа байланысты қабылданатынын атап өтті. Донецк және Луганск облыстарында әскери ұрыс жүріп жатқандықтан ол аймақтарда жеке құқықтық режим орнатылған.

Даниловтың айтуынша, қажет болған жағдайда төтенше жағдай режимі 60 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Енді төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешімді Жоғарғы Рада мақұлдауы керек.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу