Украинаның министрлер кабинеті Ұлттық Банктің Украина нарығынан шығарылған ресейлік банктердің 26 миллиард гривен көлеміндегі активтерін мемлекеттендіру туралы ұсынысын қолдады. Бұл туралы салымдарға кепілдік беру қорының басқарушы директоры Светлана Рекрут мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, үкімет деңгейінде оларды мәжбүрлеп алу туралы шешім қабылданған. Енді құжатқа елдің Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі, содан кейін президент қол қою тиіс.
Мемлекет халықаралық резервтік банктің (МР Банк, Сбербанктің еншілесі) және Проминвестбанктің өтімділігі жоғары активтерін экспроприациялайды.
Рекруттің сөзіне сенсек, осыдан кейін Украинаның ресейлік банктер алдындағы қарызы жойылады. Сонымен қатар бұл банктерден Украинаның мемлекеттік компанияларына берілген несиелері де алынады.
Табиғат Нұрболат