Осылайша Украина үкіметінің толық құрамы бір мезетте отставкаға кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
12 шілде күні Украина президенті Владимир Зеленский Министрлер кабинетін жаңартуды жоспарланып отырғанын және премьер-министр Юлия Свириденкоға жаңа қызмет ұсынылатынын мәлімдеген болатын. Зеленскийдің айтуынша, Украина саяси стратегиясын өзгертеді.
"Украинада жаңартылған саяси стратегияны жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс кадрлық өзгерістер басталады. Біз бұл мәселенің егжей-тегжейін Украина премьер-министрі Юлия Свириденкомен талқыладық. Өзгерістер үшін Министрлер кабинетін жаңарту қажет деген қорытындыға келдік. Мен Юлияға премьер-министр қызметіндегі нақты, тұрақты әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ Украина командасындағы көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар оған біздің негізгі серіктестеріміздің бірімен қарым-қатынастағы жаңа маңызды бағытты басқаруды ұсындым", – деді президент Владимир Зеленский.
13 шілдеде Украина Жоғарғы Радасына Юлия Свириденконың қызметінен кету туралы өтініші түсті.
Оның отставкасын 450 депутаттың 258-і қолдап дауыс берді.