Украина Үндістанды бейтарап позициядан бас тартуға шақырды

805

Үндістан Ресейді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығару бойынша дауыс беруден бас тартқан болатын.

Украина Үндістанды бейтарап позициядан бас тартуға шақырды

Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Үндістанды Украинадағы дағдарысқа қатысты бейтарап позициядан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз үнді басшылығының Украинаға танытып отырған жанашырлығын бағалаймыз. Үндістанның "соғыс тоқтауы" керек деген ұстанымы да құнды. Дегенмен бұл жағдайда бейтараптық көмектеспейді", – деді ол. Оның айтуынша, ең жақсы жол – Украинаны қолдау.

Бұған дейін Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар Нью-Делидің Украинаға қатысты ұстанымы өте айқын деп айтқан болатын. Оның сөзінше, Үндістан атысты шұғыл тоқтату, дипломатия мен диалогқа орнату, мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігін құрметтеу қажеттілігіне баса назар аударады.

Еске сала кетсек, Үндістан Ресейді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығару және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Бас Ассамблеяның сессиясын шақыру бойынша дауыс беруден бас тартқан болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу