Украина Вильнюстағы НАТО саммитіне шақыру күтіп отыр

486

Украина шілде айында өтетін Вильнюс саммитіне шақыру күтеді, әрі былтырғы қыркүйекте берілген Киевтің өтініші қаралады деген сенімде. 

Украина Вильнюстағы НАТО саммитіне шақыру күтіп отыр Фото: www.gazeta.ru

Ол әлбетте Украинаны НАТО құрамына қабылдау жөніндегі өтініш. Владимир Зеленскийдің көмекшісі, әрі басты дипломатиялық кеңесшісі Игорь Жовква Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында осылай деді.

Дипломаттың айтуынша, Украина Ресеймен соғыс жүріп жатқан кезде альянсқа қосылу мүмкін еместігін біледі. Дегенмен, 11-12 шілдеде өтетін саммитте ұзаққа созылатын процесстің басталуын күтеді. Себебі Киев Мәскеуге қарсы жанкешті күресі, өз жерін ерлікпен қорғап жатқаны үшін НАТО-ға қосылуға лайықты. Ал қазіргі уақытта ол онсыз да трансатлантикалық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі болып отыр. Айтқандай, егер президент саммитке шақырылып, жиында Украинаның өтініші қаралмайтын болса, Владимир Зеленский оған бармайды,- дейді көмекшісі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу