Беларусь: Украина жағдайды ушықтырып отыр

3533

Бұған дейін Александр Лукашенко Украина 15 жылдан кейін одақтас мемлекетке кіреді деп мәлімдеген еді.

Беларусь: Украина жағдайды ушықтырып отыр

Украина билігі жағдайды ушықтырып отыр. Беларусьтың Қауіпсіздік Кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Олар ахуалды ушықтырып, шиеленісті өршітіп отыр. Ресей Федерациясының тарапынан агрессия төніп тұр деп айтуда. Менің ойымша, Мәскеудің шабуыл жасауы екіталай", – деді ол.

Вольфовичтың айтуынша, жағдайды тұрақсыздандыру үшін жалған ақпарат таратылуда.

"Америкалық кеңесшілер оларға қарулы күштерді қалай құру керектігін, не істеу керектігін айтып, бағыт-бағдар беріп отыр", – деп сөзін түйіндеді ол.

Бұған дейін Беларусь Президенті Александр Лукашенко Украина 15 жылдан кейін одақтас мемлекетке кіреді деп мәлімдеді.

"Егер біз қателік жібермесек, 15 жылдан кейін Украина одаққа кіруі мүмкін деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу