Бұл туралы "Украинская правда" басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Қауіпсіздік қызметкерлері Князевтің шамамен 3 миллион доллар көлемінде пара алғанын тіркеген.
Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы (ҰСЖҚБ) қызметкерлері, сондай-ақ мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура "Жоғарғы Сотта ауқымды сыбайлас жемқорлықты, атап айтқанда Жоғарғы соттың басшылығы мен судьяларының заңсыз пайда табу жүйесін әшкерелегенін" хабарлады. Алайда Жоғарғы Сот Төрағасының ұсталғаны туралы хабарланбайды.
Князев Украинаның Жоғарғы сотын 2021 жылдың желтоқсанынан бастап басқарады.