Украина зымыран құрастыру туралы Ресеймен жасасқан келісімнен шықты

794

2015 жылы Киев Мәскеумен арадағы әскери ынтымақтастық туралы келісімнің күшін жойған еді.

Украина зымыран құрастыру туралы Ресеймен жасасқан келісімнен шықты

Украина зымыран техникасын құрастыру туралы Ресеймен жасасқан келісімнен шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Судебно-юридическая газета" басылымына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, Украинаның министрлер кабинеті екі елдің зымыран-ғарыш және зымыран техникасын құрастыру және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің күшін жою туралы шешім қабылдады. Құжатқа 1995 жылғы 8 ақпанда қол қойылған болатын.

Украинаның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде Мәскеуге хабарлауы тиіс.

2015 жылы Киев Мәскеумен арадағы әскери ынтымақтастық туралы келісімнің күшін жойды. Сол кезде Украина үкіметі РФ-мен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің тоқтатылғанын мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу