Украинада 12 миллионға тарта адам қауіпті аймақта қалуға мәжбүр

812

12 миллионға жуық адам әскери конфликт салдарынан ешқайда шыға алмай, елде қалуға мәжбүр.

Украинада 12 миллионға тарта адам қауіпті аймақта қалуға мәжбүр

Кейбірі жол мен көлік инфрақұрылымы нашар десе, ендігі бірі қайдан қауіпсіз баспана табарын білмейді. Бұл туралы БҰҰ көші-қон агенттігінен хабарлады.

"Ел ішінде 6,5 миллионға жуық адам қауіпсіз аймақтарға көшуге мәжбүр болды, тағы 3,2 миллион адам шетелге кетті. Осы көрсеткіш бойынша Украина үш апта ішінде Сирияға жақындады, онда соғыстың салдарынан 13 миллион адам қоныс аударып, басқа аймаққа немесе басқа елге көшкен", – деп жазады БҰҰ агенттігі.

БҰҰ-ның бағалауына сүйенсек, бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ірі көші-қон дағдарысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу