Украинада 230-дан астам бала Ресей әскерінің шабуылынан қаза тапты

613

171 білім беру мекемесінің күл-талқаны шықты.

Украинада 230-дан астам бала Ресей әскерінің шабуылынан қаза тапты

24 ақпаннан бері Украинада ресейлік әскерилердің шабуылынан 230-дан астам бала қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Бас прокурордың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"2022 жылдың 19 мамырына дейін жиналған ақпарат бойынша Украинада Ресей Федерациясының қарулы агрессиясының салдарынан 658-ден астам бала зардап шекті. Ювеналды прокурорлардың ресми мәліметі бойынша 231 бала қаза болып, 427-ден астамы жарақат алған. Бірақ одан да көп болуы мүмкін, өйткені уақытша басып алынған және босатылған аумақтардағы қақтығыс орындарында құрбандарды санау жұмыстары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.

Құрбандар саны ең көп тіркелген: Донецк облысы -144, Киев - 116, Харьков - 100, Чернигов - 68, Херсон - 48, Луганск - 47, Николаевская - 44, Запорожье - 28, Сумская - 17, Киевте - 16, Житомир - 15.

Ресей Федерациясының Қарулы Күштері Украина қалалары мен ауылдарын бомбалау мен ату салдарынан 1828 білім беру мекемесі зардап шекті. Оның 171-нің күл-талқаны шықты.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу